Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі

149 Views

Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.
Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруға міндеттілер.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ, олардың жұбайлары тапсыруға тиіс.
Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқан тұлғаларға да қолданылады.
Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды.
Сондай-ақ, 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын адам­дар ұсынбайды.
Декларацияда көрсетілетін мәліметтер
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады. Онда жеке тұлғаның барлық мынадай шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі:
• шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
• шетелдік банктегі 3,5 млн теңгеден жоғары (1 000 АЕК) ақша;
• шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
• бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.);
• үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
• инвестициялық алтын (құйма алтын);
• зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
• 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК ) шегінде қолма-қол ақша;
• басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары.
• құны 3,5 млн. теңгеден асатын басқа да мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) – бағалауды 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет.
Кейін жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) ұсынылады. Онда күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, Қазақстанда және шетелде мүлікті сатып алу не иеліктен шығару туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды иемденуге жұмсалған шығыстарды жабудың көздері көрсе­тіледі.
Кірістер мен мүлік тура­лы деклара­цияда мыналар көрсетіледі:
• кірістер (жалға беруден, жылжы­майтын мүлікті, көлікті, бағалы қағаз­дарды сатудан, шетелден кірістер және т. б.);
• салық шегерімдері (медициналық қызмет шығындары. қызметтер, білім беру, ипотека бойынша төлемдер, көп балалы отбасылар үшін шегерім);
• өтеусіз алынған мүлікті (жылжы­майтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, цифрлық активтер және т. б.) қоса алғанда, мүлікті сатып алу/иеліктен шығару;
• қымбат мүлікті сатып алу көздері;
• бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.);
• үлестік қатысу шарты (тұрғын үй ғимаратындағы үлесі);
• инвестициялық алтын (құйма алтын);
• жеке тұлғалардың нотариалды куәландырылған қарыз шарттары;
• шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
• шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
• шетелдік банктегі 7,3 мың АҚШ долларынан (1 000 АЕК) асатын ақша.
Декларацияны ұсыну тәсілдері мен мерзімі
Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрон­дық үкімет» веб-порталдары, «e-salyq Аzamat», «Halyk Bank», «Center Credit» мобильді қосымшалары арқылы ұсы­нуға болады. Сондай-ақ, азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы.
Аудандық мемлекеттік
кірістер басқармасы.

Поделиться ссылкой: