Келелі жиын өтті
21 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Кеше Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының есепті кездесуі өтті. Есепті кездесуде Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов баяндама жасады.
Жиынға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төарағалары, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен төрайымдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Әміреұлы бағдарлы баяндама жасады. Ол өз сөзінде өткен жылы ел аумағында саяси науқандардың, соның ішінде Көгершін мен Құмарық ауылдық округтерінің, сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің сайлауы өткендігін атап өтті. Осы сайлау процестерінің кезінде барлық үрдіс заң талаптарына сәйкес өткендігін жеткізді.
Келесі кезекте Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы мінбеге көтеріліп, баяндама жасады. Серғали Өмірзақұлы да облыс бойынша сайлау процестері кезінде қандай жұмыстар атқарылғанын тайға таңба басқандай етіп баяндап берді.
Есепті жиын соңында сайлау процесі кезінде белсеніділік танытқан бірқатар азаматтар мен азаматшалар Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.
«Құлан таңы» ақпарат.