Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
47 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Өткен аптада Құлан ауылындағы «Бұқаралық іс-шараларды дамыту орталығы» кешенінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» ұранымен мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы турнир тартысқа толы болды. Ойын қорытындысы бойынша 8 команда ішінен жүлделі III орынды Шу ауданының командасы иеленсе, жүлделі II орынға Жуалы ауданының мемлекеттік қызметшілері ие болды. Барлық қарсыластарынан өзіндік ойын өрнегімен үздік шығып, ешкімге дес бермеген Тұрар Рысқұлов ауданының командасы тұғыр биігінен көрінді. Яғни, олар жүлделі I орынды қанжығаларына байлады. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы кубок, медальдар табыс етілді.
Гүлнұр Аманжол.