Баршаның назарына!
21 ViewsБаршаның назарына! Ардақты ағайын, қадірлі қонақтар! Сіздерді қазақтың ұлттық дәстүрі мен рухы тоғысқан айшықты мереке саналатын «Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасына шақырамыз! Бұл іс-шара Мемлекет…
Бүгінде тоғыз жолдың торабында, яғни Луговой және Құлан ауылдарының бел ортасынан заманауи автобекет пен «Qazaq Oil» ЖМСҚ (ҚазМұнайГаз) ұлттық желісінің жанармай құю станциясын салу мәселесі қолға алынуда.
Осы мақсатта өткен аптада аудан басшысы Ернар Есіркепов «Qazaq Oil» ЖМСҚ ұлттық желісінің франшизасын алған кәсіпкер азаматтармен кездесіп, аталған инвестициялық жобалардың орналастыратын аймағын айқындап, қазығын қақты.
Айта кету керек, аталған инвестжобалар халыққа сапалы қызмет көрсетумен қатар, аудан тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін болды.
«Құлан медиа» ақпарат.