Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі!

100 Views

Өткен айда Пәкістан мемлекетінде «International Pakistan Army Team Spirit Competition-2024» деп аталатын Халықаралық жаттығу өтті.
60 сағаттық жаттығудың мақсаты – күрделі халықаралық қауіпсіздік жағдайында әскери ынтымақтастықты арттыру болды. Жарыс Пәкістанның астанасы Исламабад маңындағы ежелгі Равалпинди қаласында өтті. 

Халықаралық шараға 22 мемлекет қатысты. Негізгі қатысушылар: Қа­зақстан, Пәкістан, Бахрейн, Иордания, Сауд Арабиясы, Мальдив аралдары, Марокко, Катар, Шри-Ланка, Таи­ланд, Түркия, Америка Құрама Штат­­тары, Өзбекстан және т.б. Бұл жат­тығу Пәкістанда жыл сайын ұйым­­дастырылады. «Пәкістан армия­сының командалық рухы – 2024» халық­аралық жарысы 2016 жылдан бастап, тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биыл қазақстандық әскери қызметшілер үшінші рет қатысып отыр. Жаттығу күрделі миссия­ларды орындау кезін­де әртүрлі жағдай­ларда жылдам шешім қабылдау үшін физикалық дайындықтың, ақыл-ой ептілігінің және кәсіби әскери тәжіри­бенің жоғары стандартын талап етеді. Әскери-спорт­тық турнирдің кезеңдеріне мына­лар кірді: қарсыластың нысандарын анықтау, тосқауылдағы іс-қимыл, артиллерия атысын реттеу, жедел меди­циналық көмек көрсету және жаралыларды эвакуациялау, учаскені минадан тазарту, түнде су бөгеттерін еңсеру және Калашников автоматынан ату.
Осы аталған әлемдік жаттығу жары­сына Қазақстан атынан барып, біздің жерлестеріміз Луговой гарнизоны 03811 әскери бөлімі оза шауып, жүлделі І орынды иеленді. Олардың қатарында: Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының барлау бастығы, подполковник Ербол Серғазин, подполковник Абзал Әділ­ханұлы, майор Ұлан Уәлиханұлы, капитан Жандос Бекжанұлы, 3-ші сынып сержанты Асхат Нұраханұлы, 3-ші сынып сержанты Нұржігіт Исмайл, аға сержант Дәулет Мәдениетұлы, 3-ші сынып сержанты Ержан Бейбітұлы, ефрейтор Ержан Салифұлы, ефрейтор Серік Ынтықбай, ефрейтор Дәулет Ғайниұлы болды.
– Мықты дене шынықтыру жатты­ғулары, іс-қимыл үйлесімділігі, шы­дам­дылық пен командалық рухы – біздің жауынгерлеріміздің сәтті өнер көрсетуінің кепілі болды. Біздің пси­хологиялық дайындығымыз бен қан­шалықты шымыр екенімізді ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда күрделі әрі бейтаныс жерде сынап көруге тамаша мүмкіндік туды. Ең бас­тысы – жақсы тәжірибе алдық, – деп қоры­тындылады команданың жетекшісі, под­полковник Ербол Серғазин.

Ш.Балтабай,
03811 әскери командирінің тәрбие және идеология жөніндегі
орынбасары, майор.

Поделиться ссылкой: