Елбасы мақаласына орай ақпараттық жиын өтті
Елбасы мақаласына орай ақпараттық жиын өтті
Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен танысу, пікір алмасу мақсатында ақпараттық сағат өтті. Аудан әкімінің орынбасары Бейсен Әлпейісов кіріспе сөзбен ашқан жиында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева баяндама жасап, мақаланың мәні мен мазмұнына тереңірек тоқталды.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы саналатын бұл мақалада мемлекетіміздің түп тамырын, тереңнен бастау алатын тарихын әлемге таныту мақсат-міндеті айқындалған. Мақала екі үлкен тараудан тұрады. Бірі – Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Екіншісі – тарихи сананы жаңғырту. Бізөзіміздің түп тамырымызды түркі тектес ұлы бабаларымыздан тарқатамыз. Сондықтан да ұлттарихына кең мағынада көз жіберу керектігі жөнінде Елбасы жан-жақты атап айтты. Мақалада қазаққа ғана тән, қазақ мемлекетіне, қазақ ұлтына тән бірнеше этаптарды Ел Президенті ерекшелеп көрсетті,-дей келе әлем алдында өзіндік орны бар қазақ мемлекетінің көнеден келе жатқан бай тарихын елімізде өмір сүріп жатқан әр адам біліп, сананы жаңғыртуы қажет екеніне тоқталды. Осы жұмыстың басы-қасында мемлекеттік қызметкерлердің болуы маңызды рөл атқаратынын айтып, оны іске асыру жолында белсенді еңбек етуге шақырды.
Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.