Шұғыл хабарландыру
2024 жылдың 16 ақпанында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ә.Тамабектің төрағалығымен Тараз қаласы және аудан әкімдерінің қатысуымен кеңес өтті. Осы кеңесте Мемлекет басшысының 2024 жылы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларында табиғи тау суын пайдалану барысында бірқатар ескертпелер енгізіліп отырғандығы жөнінде айтылды.
Айта кетейік, бұл хаттамада «тәліми /багара/ егістік алқаптарға және жайылым жерге егілген ауыл шаруашылық дақылдарына ағын суды пайдалануға жол бермеу керек» деп көрсетілген.
Егістік жерлері суармалы емес агроқұрылымдары, тәліми /багара/ алқаптарын және жайылым жерлерге табиғи сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар болған жағдайда бұл жерлерді суармалы жерге ауыстыру керек.
Біз осы ретте аудандағы шаруа қожалықтарының басшыларына мына фактіні ерекше назарға салып, ескерткіміз келеді. «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы суармалы емес жерлерге келісімшарт жасалмайтынын тағы да ескертеміз.
Биылғы жылдың суғару маусымы басталмай тұрып, барлық шаруа қожалық басшылары құжаттарыңызбен «Құлан» өндіріс бөлімшесіне келіп, анықтап алуларыңыз қажет.
Ауылдық округ әкімдерден осы жағдайларды ескеріп, аймақтардағы байланыс жүйесі арқылы шаруаларға ескертпе жолдап, хабардар етулеріңізді сұранамыз.
Б. Шалданбаев,
«Қазсушар» РМК ЖФ «Құлан» ӨБ басшысы.