Жемқорлық – жегі құрт

126 Views

Қазіргі уақытта сыбайлас жем­қорлық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін қазіргі қоғамның негізгі проблемаларының бірі болып табы­лады. Әлемдегі бірде-бір мем­лекет сыбайлас жемқорлықты толы­ғымен жойған жоқ, тек оның деңгейін төмендетуге болады. Біздің мемлекетіміздің осы әлеуметтік зұлымдықпен белсенді күресіп жатқаны қуантады, оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар осының жарқын дәлелі болып табы­лады. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыз­дылығын ескере отырып, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:
– баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі;
– мемлекеттік органдардың қыз­метін нақты құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылады;
– жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік-эконо­микалық, саяси-құқықтық, ұйым­дастыру-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;
– жеке және заңды тұлғалардың бұзыл­ған құқықтары мен заңды мүдде­лерін қалпына келтіру, сыбайлас жем­қорлық құқық бұзушылықтардың зиянды салдарын жою және алдын алу;
– жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен күресте көмек көрсететін азаматтарды көтермелеу;
– мемлекет функцияларын орын­дауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, осы адамдарға және олардың отбасыларына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай қаражат) және жеңілдіктер белгілеу;
– осындай қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу өкілеттіктерін беруге, сондай-ақ, оны бақылау мен қадағалауға жол берілмеуі негізінде жүзеге асырылады.
Біздің мақсатымыз – айқын. Ол – жемқорлықты болдырмау. Сондықтан бұл дертпен барша қоғам болып күрескеніміз абзал.

Н.Маткаймов,
Тұрар Рысқұлов аудандық қазынашылық
басқарма басшысының орынбасары.

Поделиться ссылкой: