Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
22 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Қазақстанда 1999 жылғы 19 ақпанда, яғни тура 25 жыл бұрын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жеке қызмет құрылды. Бөліністің мақсаты – әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу. Бөлініс полиция мен үкіметтік емес сектор, мемлекеттік органдар және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия арасындағы байланыс болып саналады. Бұл бөліністің инспекторлары полиция органдары қызметтерінің отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу жөніндегі қызметін жалпы үйлестірумен айналысады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын жеке қабылдауды жүзеге асырады, жәбірленушіні құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тақырыбымен Жамбыл облысы, Тараз қаласында Республикалық маңызы бар «Шайқалмаған шаңырақ» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында осы мәселе бойынша дөңгелек үстел болды.
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінде атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша тоқтала кетейік. Әйелдерге қатысты қылмыс құрамы бар құқық бұзушылықтарды талдау және статистикалық мәліметтерді саралау барысында 2024 жылдың ақпан айында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әйелдерге жасалған қылмыстық деректер тіркелмеген. ( 2023ж.-0).
Сонымен қатар әйелдерге қатысты қол сұғушылықтар бойынша талдау барысында барлығы – 4 қылмыс (2023 ж.-4), (ҚК-тің 190 бабымен-2, ҚК-тің 122 бабымен-1, ҚК-тің 139-1 бабымен-1, ҚК-тің 190 бабымен-2, ҚК-тің 345 бабымен-1) тіркелген.
Биылғы жылдың ақпан айында Т.Рысқұлов АПБ-не тіркелген тұрмыстық сипаттағы арыз-шағымдар және хабарламалардың жалпы саны – 39 (оның 27-сі әйелдерге қатысты).
Жалпы қойылған қорғау нұсқамасы – 31(2023ж — 25), қайталанып қойылғаны 2, жалпы қойылған ерекше талап – 12 (2023 ж. — 8), оның ішінде тұрмыстық қарым-қатынаста құқық бұзушылық жасаған – 9 (2023 ж — 6).
2023 жылдың 1 тамызынан бастап қолданыстағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңына жасалған өзгерістер, яғни отбасылық тұрмыстық қарым-қатынаста АПБ-нің 102-арнасына түскен шақыртулар бойынша арыз беру сипатынан анықтау сипатына көшкендігі туралы және жаза қолдану шаралары әкімшілік қамаққа өзгертілгендігі туралы және ескерту тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен таратылып отырады.
Гүлжан Ақшабаева,
аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы.