23 маусым – Қазақстан полициясы күні
26 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Қазір интернет ресурстарының дамыған заманы. Ютубыңыз тағы бар. Осы ютубтан мультфильм көрмейтін бүлдіршін кемде-кем. Алайда, менің пікірімше, бүлдіршіндеріміз қазақы ұлттық құндылықтармен сусындап, тәрбиеленгені абзал.
Осы орайда «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері бала тәрбиелеу ісінде ерен еңбек етуде. Жақында аталмыш бөбекжай-бақшасындағы «Қарлығаш» ересек тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен аудандық деңгейде мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Шараның тақырыбы – «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» деп аталды. Іс-шараның мақсаты – ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы бүлдіршіндерді адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу. Сөз өнері арқылы бүлдіршіндердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын тапқырлыққа, нақты әрі дұрыс жеткізуге үйрету.
Жалпы, «Балауса» бөбекжай-бақшасында дәл осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Оның бәрі баланың жан-жақты дамып, ой-өрісінің кемелденуіне себеп болады. Осы ұйымдастырылған іс-шара да бұл сөзімді қуаттай түседі.
Гаухар БайтУгелова,
«Балауса» бөбекжай-бақшасының «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиешісі.