ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ НЫСАНАЛЫ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ ТӘРТІБІ
Көкдөнен ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Көкдөнен ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді, сапалы және электронды түрде көрсетудің үлесін арттыру және ақпараттандыру мақсатында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасы бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының бірі болып табылады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы Көкдөнен ауылдық округі Ш.Уәлиханов 89 мекенжайда орналасқан Көкдөнен ауылдық цифрландырылған ақпараттық орталықтан egov.kz. порталы арқылы және Көкдөнен әкімшілігі ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалану арқылы қызмет ала аласыздар. Қызмет алу үшін ЭЦҚ кілтті компьютерге қосып, сертификатты таңдап, құпия сөзді теріп, қызмет түрін таңдап қажетті мәліметтерді толтырып қызметті аласыз.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы болмаса Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.
Өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:
— жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
— жер учаскесінің сұралып отырған нысаналы мақсат;
— жер учаскесінің алаңы;
— жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының нөмірі мен күні.
Көкдөнен ауылдық округінде цифрландырылған ақпараттық орталықта egov.kz. порталы арқылы қызмет көрсетіп отырған анықтамалар саны 2023 жылдың желтоқсан айынан 2024 жылдың наурыз айы аралығында – 0.
Құрметті қызмет алушылар!
Сіздер, арнайы ұйымдастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын пайдалана отырып, өзіңізге қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуыңызға болады. Бұл сіздерге тиімді, кедергісіз әрі уақытты үнемдейді.
М. Несіпбеков,
Көкдөнен ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы.