Ораза айт – бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі

149 Views

Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айы­ның аяқталатын күнге де жеттік.
Ораза айт – кең пейілділік пен жомарт­тықтың, бауырмалдық пен қайы­рым­ды­лықтың мерекесі.
Халқымызда «Дін тірегі – иман­ды­лық» десе, имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет пен парасат жолымен ғана жүру­ге үндейді. Тәуелсіздікке қол жет­кізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеу жолында келеді.
Әрбір шаңыраққа баянды ба­қыт, қуаныш әкелетін әлем мұсыл­мандарының мерейлі мерекесі Ораза айтпен құттықтай отырып, отбасы­ларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілейміз!
Ораза айт мерекесінде жасаған бар­лық ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!

Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Әбутәліпов.

Поделиться ссылкой: