Қайырымдылық – асыл қасиет

131 Views

Қазіргі таңда еліміздің он аймағына төтенше жағ­дай жарияланды. Күні кеше Президент осы­ған байланысты үндеу жа­риялады. Президент об­лыстардағы су тасқыны жағ­дайын бақылауда ұстап отырғанын, су басу қаупін сейілту үшін барлық шара­ның қабылданып жат­қан­дығын жеткізді. Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіп, материалдық шығындарын өтеп беретінін мәлімдеді.
Бұл жағдай қазақстан­дықтарды бей-жай қал­дыр­мады. Су тасқыны болған аймаққа көмек көрсету үшін бүкіл ел жұмылып жатыр. Әрбір аудан мен қалада отандастарды қолдау мақсатында көмек көрсетіліп жатыр. Осы орайда, біздің ауданда игі істен мақұрым қалмады. #Күшіміз – бірлікте!# деген ұстаныммен аудан орталығына екі бірдей жүк көлігі қойылды. Бұл су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта онда барып, түрлі заттар тапсырып жатқан құландықтар аз емес. Оның арасында азық-түлік киім-кешек, гигиеналық заттар және тағы басқа ең қажетті бұйымдар бар.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: