Ерекше балалар – қоғам бөлшегі

157 Views

Өткен аптада «Бұқаралық іс-шара­ларды дамыту орталығы» КММ-де 2-сәуір Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай, ау­дандағы аутизмі бар балалардың қаты­суымен спорттық жарыс өткізілді. Аталмыш шараға аудан әкімінің орын­басары Әлібек Мамытжанұлы, «Ақжүніс» аналарды қорғау орталығының дирек­торы Жанат Даулеталиева, аудандық білім бөлімінің инспекторы Жанар Бек­босынова төрелік етті. Спорттық ойын мерекесіне 10-нан астам мүгедек бала, сондай-ақ олардың аналары мен жетек­шілері қатысты.
Шарада ерекше балаларға арналған спорт түрлері бойынша жаттығулар мен ойын-жарыстар өткізілді. Спорттық мереке ерекше балаларды заманауи қоғамда әлеуметтік бейімдеу, бала тұлғасының үйлесімді дамуына ықпал ету және инклюзивті қоғамды дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға және ерекше физикалық қажеттіліктері бар балалар арасында кез келген спорт түрін дамытуға ықпал етеді. Ойын қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен медальдар берілді. Сондай-ақ, демеушілер арнайы әзірлеген тәттілерін ұсынды.

Гүлнұр Аманжол.

Поделиться ссылкой: