Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Биыл облыс журналистикасының ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Баттал Жаңабайұлының туғанына – 95 жыл. Осыған орай, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтар болсақ, Көкдөнен ауылдық кітапханасында «Қарымды қаламгер» әдеби кеші, Құмарық ауылдық кітапханасында «Батыл қаламгер – Баттал Жаңабайұлы» тақырыбында дөңгелек үстел, Жаңатұрмыс және Қарақыстақ ауылдық кітапханаларында «Тұғырлы тұлға тағылымы» атты оқырмандар сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашылар журналистика майталманының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Талай талантты шыңдаған шаңырақ» тақырыбында баяндама оқылса, Баттал Жаңабайұлы шығармашылығынан кітап көрмесі қойылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Баттал Жаңабайұлының басынан кешкен және әсерлі сәттері жайлы айтып, өз ойларымен бөлісті. Дәл осындай мазмұнды іс-шарада Баттал Жаңабайұлының облыстық «Aq jol» газетін жиырма жылдан астам уақыт басқарғандағы азаматтық болмысы мен биік парасаты туралы айтылса, «Тура жол, темірдей тәртіп, терең білім» Баттал Жаңабайұлын осы биігіне жеткізді. Кеңестік кезеңдегі қиындыққа қарамай, Баттал Жаңабайұлы облыстық бас газетті жиырма жыл абыроймен басқарды. Аталған жиындарда да оқырман Баттал Жаңабайұлының еңбектерімен танысып, қазақ журналистикасына және облыстың қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлесінен хабардар болды. Мұндай іс-шараларға ауыл халқының белсене қатысуы – жақсының есімі ел жадында сақталып, айтыла беретінінің дәлелі.
А.Искакова,
аудандық кітапхананың кітапханашысы.