Тазалықтың бастауы – өзімізден…
Мемлекет басшысының су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі Республикалық штабтың отырысында елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру туралы тапсырмасына сай және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен ағымдағы жылдың 15 сәуірінен 15 маусым аралығында Республиканың барлық өңірлерінде елді мекендерде қалдықтарды басқару және абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу және деректерін анықтау бойынша «Таза Қазақстан» атты акциясы өткізілуде.
Акция барысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті өзара іс-қимыл жасасу және құзыреті шегінде тиісті профилактикалық іс-шара, оның ішінде апатты қоқыстарды анықтау, осы үшін бөлініп берілмеген жерлерде қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинауға, полигондардан тыс сұйық қалдықтарды төгуді болдырмау жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.
Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлігіне сәйкес – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Сонымен қатар, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі.