НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

105 Views

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Сәуір айының 22-сінен бастап, халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізілуде.
Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қару мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 6 айлық есеп көрсеткішінен 100 айлық есеп көрсеткішіне дейін сыйақы белгілеп отыр. Бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдерінде қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады. Акция мерзімі шектеулі.
Сондай-ақ, халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясына қатысты сауалнамаларыңыз бойынша Т.Рысқұлов аудандық ПБ-нің азаматтық қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры Н.Турарбектен кеңес алуға болады. Тел. 2-16-91 және 8777-783-73-58.

Мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №57.
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімінің телефон нөмірі 2-16-91 немесе «112».

Поделиться ссылкой: