Білікті педагог, шебер ұста

167 Views

Жақында Т.Рысқұлов ауданы білім бөлі­мінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Өнер мектебінің «Шебер қолдар» үйірмесінің педагогы Жанай Татаев­тың «Шығармашылық әдісті зама­науи негізде қолдана отырып, ұлт­тық қолөнердің құндылығын дамы­ту» тақырыбында аудандық шығар­машылық есебі өткізілді.
Аталған іс-шараға білім беру мекеме­лерінің көркем еңбек пәні мұғалімдері мен қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері қатысты.
Іс-шара барысында шебер, ұста, көптеген облыстық, республикалық жетістіктерге ие болған, 33 жыл білім саласында еңбек еткен шығармашыл педагог Жанай Татаевтың «Дарынды бала – ұстаз мерейі» атты еңбек жолында жеткен жетістіктері көрсетілсе, «Ағаш бетіне күйдіру әдісімен сурет салу» атты оқушылармен шеберлік сабағын, «Жұқа қаңылтырға басып бедер салу» атты педагогтармен шеберлік сабағында өз іс-тәжірбиесімен бөлісіп, оқушылармен бірге жасаған көрмесі таныстырылды. Семинарда Өнер мектебінің шеберлері қолөнер үйірмесінің мұғалімі Ләззат Жолдас «Табиғи материалдармен жұмыс» тақырыбында және қолөнер үйірмесінің мұғалімі Айдана Сексенбаева «Саз балшықпен құмыра жасау» тақыры­бында, сонымен қатар бейнелеу үйірме­сінің мұғалімі Бейсембаева Арайлым «Эбру» суда сурет салу техникасының шеберлік сыныптары көрсетіліп, келген қонақтарға таныстырылды.
Сондай-ақ, шығармашылық есепте көркем эстетикалық бағыттағы пәндердің заманауи әдістер мен технологиялары тәжірбиеде қолдану жолдары көрсетіліп, білім беру мекемелеріндегі көркем еңбек пәні мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтері әдістемелік көмектер алып, тәжірбие алмасты.

Назгүл Самылтырова,
Өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой: