Еңбегімен танылған азамат
33 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
Өткен сәрсенбіде Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің акт залында «Директор сағаты» аясында ұйымдастырылған мектептегі үздік оқушылардың ата-аналары және демеуші ата-аналармен кездесу өткізілді. Негізінен бұндай жиналыстар жиі ұйымдастырылып тұрады. Аталған шараға мектеп директоры Шолпан Еркетайқызы және «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпаздарының ата-аналары қатысты. Шара барысында ата-аналарға түрлі сұрақтар қойылып, алуан түрлі тренингтер өткізілді. Жиында барлық ата-аналар белсенділік танытты. Қонақтарға арналып оқушылар өлең оқыды, ән шырқады. Жиналыс соңында ата-аналардың кешке байланысты пікірлерін білу мақсатында кері байланыс өткізілді. Ерекше күйге бөленген ата-аналар мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымына өз ризашылықтарын білдірді.
Гүлнұр Аманжол.