Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
21 мамыр – Мәдениет және өнер саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің төл мерекесі. Аудандық газет тілшілері осы салада қызмет істеп жүрген еңбек адамдарының кәсіби мерекесін ешқашан тасада қалдырған емес. Осы жолы да біз мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай арнайы материалдар әзірледік. Қайткенменде адал еңбек бағалануы тиіс қой. Біз олардың адал еңбегін көріп жүрміз. Соны көре тұра материал әзірлемесек, журналистік арымызға да сын болар еді. Сондықтан бұл жолғы аннотацияны дәл осылай жазуды жөн көрдік. Әрине, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдархан Ержан Серікұлының жұмысты үйлестіру жағынан тәжірибесі мол азамат екенін білеміз. Ол мәдени көпшілік іс-шараларды қалай ұйымдастырудың жөн-жосығын жақсы біледі. Ал, Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Нұрдос Базарқұловтың бұл салада қызмет істеп келе жатқанына да біраз жылдар болды. Яғни, ол – мәдениет пен өнерді жіті түсінетін, шығармашылық ұжымға өзінің іскерлігін көрсете алған білікті басшы. Адамның еңбегін бағалағанды құп көретін азамат ретінде жазып отырмыз бұл сөздерді. Сөз басында да жаздық қой, біз атаған екі азамат та аудандық деңгейде өтетін мәдени-көпшілік іс-шаралардың барлығында да өздерінің өнерге деген жанашырлығын ұқтырып, бар ынта-шынтасымен еңбек етіп жүреді. Біз оны осы жылы болған Наурыз мерекесінде де көргенбіз. Сондықтан «барды бар» деу де дұрыс.
Қазіргі уақытта аудан бойынша 21 мәдениет үйі мен клуб бар. Оның ішінде 1-еуі аудандық мәдениет үйі, 7-еуі ауылдық мәдениет үйлері, 13-і ауылдық клуб. Сондай-ақ, 1 «Зерде» бейнемобиль жұмыс атқарады. Халықтық атағы бар көркемөнерпаздардың саны – 5. Оларды аудан жұртшылығы жақсы біледі. Өйткені көрсеткен өнерлерін ұдайы көріп, біліп жүр. Дегенмен, осы жолы олардың аттарын атағанымыз дұрыс. Яғни, «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі, «Сұлутөр» халықтық вокалды аспапты ансамблі, Басқар Битанов атындағы халықтық театры, «Сударушка» халықтық орыс фольклорлық ансамблі және «Әдемі-ау» халықтық би ансамблі халықтың эстетикалық тұрғыдан өнерге деген талғамының өсуіне жұмыс жасап келеді.
Жалпы, сөз басында да атап өттік қой. Бұл салада еңбек етіп жүрген әрбір қызметкер қайнаған тіршіліктің ортасында жүреді. Ешқайсысы бос отырмайды. Мәселен, кез келген іс-шарада бірі аппаратта отырады, бірі өнер көрсетеді. Оның бәрі еңбек. Оның бәрін олар не үшін жасайды? Өйткені өздерінің мамандықтарын, яғни өнерді есеппен емес, ессіз жақсы көретіндіктен істейді. Менің ойымша, басқа салада да еңбек етіп жүрген қызметкерлердің танымында да осындай көзқарас болуы керек. Яғни, өзінің мамандығына құрметпен қарап, айлық үшін емес, ұлтқа пайдам тисе екен деген ниетпен жұмыс істеген абзал.
Біз осы материалды әзірлеу барысында 2024 жылдың І тоқсанында қанша іс-шара өткендігі туралы сұрадық. Бізге берілген мәлімет бойынша 2024 жылдың І тоқсанында аудан бойынша 183 мәдени іс-шара өткізілген екен. Оның ішінде балалармен өткізілген іс-шаралар саны – 3. Шараға қатысушы бала саны – 912.
Мәдениет пен өнер саласындағы көпшілік іс-шаралардың дені аудандық газетте тұрақты түрде жарияланып жүр. Дегенмен осы жылы ұйымдастырылған іс-шараларды айта өтсек те әбестік болмас. Айталық, биыл Қарақат ауылдық клубының ұйымдастыруымен Қарақат ауылының құрметті ардагер аналарына арналған «Анаға тағзым» атты мерекелік концерті, Көгершін ауылдық клубында «Ауылым–мақтанышым» атты ауыл көркемөнерпаздарының концерті, «Ән салады мамандар» атты өзге сала қызметкерлері арасында ән байқауы өтті.
Сондай-ақ, Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Есіңе мені алғайсың» атты ән-жыр кеші, «Ауғанның отты жалыны» атты аудандық патриоттық әндер байқауы, «Ана тілі – асыл мұрам» атты этнос өкілдері арасында байқау, «Инабатты ару – 2024» байқауы өтті. Бұл байқаудың қорытындысы біздің газетте жазылды.
Марат Диханбай.