500 мың теңгелік сертификатқа ие болды
Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жекелей барып та, ұжым болып барып та көптеген байқаулардан жүлдемен оралып жүр. Ол да талай жазылды. Дегенмен жақында бір жақсы жаңалық естідік. Сөйтіп, осы жолы соны жазайық деп ойладық.
Биыл білесіздер, қазақ сатирасында өзіндік орны бар тұғырлы тұлғалардың бірі Шона Смаханұлының туғанына – 100 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай жақында Талас ауданында «Шоқ тілді Шона» деген тақырыпта облыстық байқау өткен екен. Осы байқауға біздің ауданнан Басқар Битанов атындағы халықтық театрының өнерпаздары қатысып, жүлделі II орынға ие болыпты. Жай мақтау қағазымен емес, 500 мың теңгелік сертификат та иеленген екен. Біз өз тарапымыздан «Құтты болсын!» айтамыз. Бұның бәрі тағы да айтып өткен жөн, еселі еңбекпен келген жұмыстың нәтижесі. Әрдайым осы биіктен көрініңіздер дейміз.
Марат Диханбай.