Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және 16-1 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №15-10 шешімімен сайланған №486, 348, 349 учаскелік комиссияларының 3 мүшесінің өз еркімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты төмендегі аталған, яғни аудандық аумақтық сайлау комиссиясына және №486, 348, 349 учаскелік сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2024 жылдың маусым айының 12-не дейін жоғарыдағы аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1. Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесі.
3.Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №75. Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76. Электрондық пошта: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Аудандық мәслихат аппараты.