Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Тұрар Рысқұлов аудандық соты Көкдөнен ауылының тұрғыны азамат Э.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қарады.
Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылы 10 мамырда құқықбұзушы «Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіруді және сатуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9-бабын бұзып, сағат 22.30-дан кейін азамат Ж.-ға алкоголь өнімін сатып, ҚР ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылыққа жол берген.
Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындап, ағымдағы жылдың 10 мамырында түнгі мезгілде азамат Е.-ға спирттік өнімін сатқанын, ол үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін білмегенін айтып көрсетті.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Э. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын бір айға тоқтата тұруымен қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 147 680 теңгенің отыз пайызын қысқартып, 103 376 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.
«Құлан таңы» ақпарат.