Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Мынадай бір әпсана оқып едік. Заманында Испания Канаданы жаулап алған кезде, сондағы үндіс халқының саны 15 миллион болыпты. Отарлаушы елдің жасаған озбырлықтарынан бірте-бірте ол меже азайып, осыншама халықтан 800 мың үндіс тірі қалыпты. Енді мына құдіретке қараңызшы. Әлгі қазақи сөзбен айтқанда, «Қойдың қарғысын қасқыр естімесе де Құдай естиді» дегеннің айқын көрінісі. Сол 800 мың үндістің ішінен бір адам әлемге танымал миллиардер атаныпты. Сол миллиардер үндіске мына біз секілді журналист сұрақ қойған екен. Сонда ол:
– Мен осы жиған-терген байлығымның барлығын елімнің Азаттығы үшін тәрк етуге дайынмын, – деп жауап берген көрінеді.
Қазақтың да көрген құқайы аз болған жоқ қой. Құдайға шүкір, қаншама зұлмат жылдарды бастан өткерсек те, ақыры Тәуелсіздіктің тәтті самалын сездік. Міне, тарихи әділдік орнады деген сол. Бабаларымыз аңсаған Азаттықты біздер көріп отырмыз. Қайдағы жоқ гу-гу әңгімеге әуес болғанша, біздер сол басты байлығымыз Тәуелсіздіктің құдіретін бағалауымыз керек. Еліміздің өз Әнұраны, Мемлекеттік Туы және Елтаңбасы бар. Ал, әлемде тәуелсіздік ала алмай, зар еңіреп жүрген қаншама ұлт бар. Осы өлшеммен қарағанда біздер бақытты ұрпақпыз.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай ауданымызда көптеген іс-шаралар өтті. Соның бірегейі ретінде аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысқан Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің базасында өткен мына шараны (суретте) айтуға болады. Яғни осы іс-шарада аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, мемлекеттік қызметшілер, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру ұйымдарының мамандары мемлекеттік Туды көтеріп, бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Соншама адам Әнұранды шырқаған сәтте жүрек толқып, бойымызды мақтаныш сезімі кернеді.
Марат Диханбай.