Ұлтын ұлықтаған ұлт перзенті

997 Views

Құлан ауылшаруашылығы колледжінде Тұңғыш Президент күніне орай дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында жастар ресурстық орталығының мамандары, аталған колледж студенттері мен ұстаздары Елбасының ерен еңбектері жайында өзара пікір алмасты. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Айбек Сәрсеханұлы Елбасының өмір жолынан үзінділер келтіріп, Қазақстан халқы үшін еткен қызметі жайлы баяндама оқыса, колледж ұстаздары Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын, сондай-ақ, Қазақстан халқына Жолдауы жайында, ел Президентінің халықтың алдындағы беделі мен құрметке лайықты еңбектері мен Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстанның жеткен жетістіктері жөнінде сөз қозғады. Дөңгелек үстел барысында Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттер мен жастар қауымына деген сенімі, әртүрлі жастарға жасалған мүмкіндіктер мен бағдарламалар туралы кеңінен айтылды. Студенттер өздерінің болашаққа деген берік сенімдері мен алға қойған мақсаттары, Елбасына деген ыстық лебіздерін білдіріп, жиынды ұйымдастырушыларға жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларға қатысты сұрақтар қойды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткен аудан жастарының басқосуы рухты сергітер жалынды жырлармен қорытындыланды.

Салтанат ҚАРАСАЕВА.

Поделиться ссылкой: