Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
110 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Ағымдағы жылдың 19 маусымында Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Луговой ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттарды тіркеп, олармен кездесу өткізді. Тіркелген кандидаттар туралы мәліметтер аудандық «Құлан таңы» газетінің осы нөмірінде жарияланды.
Аталған кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Тлепов ағымдағы жылдың 14 шілдесіне тағайындалған Луговой ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелген азаматтарға кандидаттық куәліктерін тапсырып, оларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, кандидаттарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27, 28, 29, 32 және 33-баптарында көрсетілген, яғни сайлау алдындағы үгіт, сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығы, кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламалары мен сайлау алдындағы үгітті тоқтату мен сайлауды мемлекеттік қаржыландырудың талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесу соңында кандидаттар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
М.Тлепов,
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.