Тамақтан улану және оның алдын алу

154 Views

Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Уланудың негізгі себебі – азық-түліктің жарамдылық мерзімін және дайындалған тағамды сақтау шарттарын сақтамау. Естеріңізге сала кетейік, балық, ет тағамдары, майонез және жұмыртқа қосылған салаттар, сүт тағамдары, ірімшіктің жұмсақ сорттары, ақуыз кремі бар торттар, үстелде төрт сағаттан кейін немесе тоңазытқышта екі күннен артық уақыт тұрмау керек. Бүгінгі таңда тамақтан улануды тудыратын бактериялардың алты түрі бар:
– ішек таяқшасы (шикі сүт және толық пісірілмеген ет);
– моноцитогенді листериялар (шикі жемістер, құс еті, жұмсақ және қатты ірімшіктер);
– ботулизм (нашар өңделген консервіленген көкөністер мен ет);
– патогендік клостридиялар (60 градустан төмен температурада дайындалған ет немесе балықта пайда болады);
– сальмонеллалар (жұмыртқа, пастерленбеген сүт);
– стафилококк (тамақ дайындау кезінде жеке гигиена сақталмаған кезде пайда болады).
Осы қиындықтарға тап болмас үшін келесі мына ережелерді сақтау қажет:
– үйде дайындалған тағамдарды сатып алмаңыз;
– белгіленбеген жерлерде сатылатын дайын тағамдарды пайдаланбаңыз;
– кілегей немесе майонез қосылған дайын тағамдарды, салаттарды бір тәуліктен артық салуға болмайды;
– туралған, бірақ майонез немесе тұздықпен араластырылмаған салаттарды екі күн сақтауға болады;
– торттар мен пирожныйлар тоңазытқышта үш күннен артық сақталмайды;
– үйде мерекелік тағамдарды дайындаған кезде ең алдымен, гигиена ережелерін сақтап, бөлменің тазалығын қадағалаңыз;
– тамақ дайындау кезінде қолыңызды жиі жуыңыз, қажет болған жағдайда ас үй жабдықтарының бетін сүртіңіз;
– азық-түліктің дұрыс сақталуына назар аударыңыз. Шикі және дайын өнімді тоңазытқыштың бір сөресінде сақтамаңыз;
Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерін кесу кезінде шикі және дайын өнімдер үшін кесу құралдарын (пышақтар, тақталар) пайдаланбаңыз. Денсаулығыңызға зиян тимеу үшін мұқият болыңыз. Тексерілген өнімдерді сатып алыңыз. Олардың жарамдылық мерзімін сақтау шарттары мен пісіру ережелерін сақтаңыз.

Г.Темірбекова,
аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.
Г.Жиенбаева,
ҚР ДСМ СЭБК ШЖҚ РМК аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразиториялық зертханасының лаборанты.

Поделиться ссылкой: