Әріптесіміз Қазақстан Педагогикалық Академиясының корреспондент мүшесі

601 Views

Белгілі журналист, педагог-ғалым, ауданымыздың түлегі Әуесбайдың Қанаты Қазақстан Педагогикалық Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Бұл ғылыми атақ Академияның жалпы жиналысында көпшілік дауысқа салу арқылы беріліп отыр. Әуесбайдың Қанатына мүшелік диплом мен куәлікті салтанатты жағдайда Академия Президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Қабікенұлы табыс етті. Академияның корреспондент-мүшесі атағы ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесі бар білім, ғылым мен мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне беріледі.

Қанат Әуесбай – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшесі, Еуразия шығармашылық гильдиясының мүшесі (Ұлыбритания, Лондон), БАҚ өкілдері арасынан ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясымен оқыған тұңғыш журналист. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегері, БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы. Қазақ және ағылшын тілінде Ұлыбританияда жарық көрген «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабының авторы. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «ҚР ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

«Құлан таңы» ұжымы атынан әріптесімізді жоғары марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

 

Поделиться ссылкой: