Құландағы қара өлең ақын Хамит Есаманның поэзиялық кеші

1 191 Views

Өзінің дарабоз ақындығын құр сөзбен емес, шыншыл күрескерлігімен дәлелдеген Қазақстанның халық ақыны Мұхтар Шаханов: «Өз басым өлең дейтін өлкеде жүрген таланттарды екіге бөліп қарастырамын. Біріншісі -бөдене таланттар болса, екіншісі – Қажымұқан таланттар. Қазіргі әдебиетте бөдене таланттар көп, ал Қажымұқан таланттардың қатары саусақпен санарлық қана» -дейді. Бұл – өте орынды сын біздіңше. Себебі, қазіргі уақытта әлеуметтік желіде жылт еткен дүниені жалпыға жария қылатындардың көбісі журналист немесе өлеңінде сылдыр сөзден басқа ешбір өнеге жоқ «әсіре белсенді» жандардың дені ақын болып кетті. Әрине, кешегі Мұқағали, Төлеген, Жұмекен сынды тума таланттардың жауһар жырларынан нәр алып, қазақтың қасиетті қара өлеңін өз жырына арқау еткен адуынды ақындар жоқ емес, бар. Талантымен талайды тамсандырған сондай дарабоз ақынның бірегейі – Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы Жамбыл облыстық филиалының директоры әрі республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі, жерлес ақын Хамит Есаман деуге болады.

Мен Хамит ақынның жырларымен студенттік кезден таныспын. Оның «Жазу» атты өлеңіндегі «Жазудан кім опа тапқан жалғанда, Біле тұра мен де жаздым өлеңді. Арманымды жалғап жүрмін арманға, Айлағынан асырсам да кемемді. Ал тірлікте өлең ғана оқиық, Қастер тұтып керік қасты гөзалды.  Бола алмасам ақ бас шыңдай ақиық, Тартқаным деп білгей ауыр жазамды» деген жолдарды жаттап алғанмын тіпті. Содан бері Хамит Есаманның баспасөз бетінде жарияланған өлеңдерін қалт жібермей оқитын болдық. Әбжапар ауылындағы жаңа мектеп ғимаратының ашылу салтанатында «Жас Алаш» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибек (ол кезде Нұрекең облыстық «Ақ жол» газетінің Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарындағы тілшісі болатын) «Арай» газетінен келген Хамит Есаманмен таныстырған еді. Алғашқы таныстықта ашылып, емен-жарқын сөйлестік дей алмаймын. Дегенмен, Хамкеңнің түр-тұлғасынан, сөйлеу мәнерінен мен оның көп оқығандығын байқадым. Ақынның «Қараша хаттары» атты жыр-жинағын оқып шыққаннан кейін бұл ойымның шығар күндей шындық екенін ұқтым. Хамит Есаман өзінің «Шын емес» деген өлеңінде «Өзге арнаға бас бұрып санам мәңгі, Басқаларға сезімім қараң қалды, Бұл ғасырда өзім-ақ қалдым биік,  Ал басқа ақындарға обал болды» деп жырлайды. Бұл шумақтар арқылы ақын жоғарыда біз сөз еткен екі-үш кітап оқып алып, өздерін ақын санап жүрген «ақиықтарды» меңзеп отырғандығы анық. Өткен аптада халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, ақын Хамит Есаманның шығармашылығын жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында аудан әкімдігінің қолдауымен «Құландағы қара өлең» деген тақырыпта позиялық кеш ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жерге туыңды тік» жобасы шеңберінде өрбіген аталмыш кешке белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәутайұлы, «Жас Алаш» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибек, облыстық «Знамя труда» газетінің директор-бас редакторы Бекет Момынқұл, «Арай» жастар газетінің директор-бас редакторы Дәулет Төленді, «Жамбыл» телеарнасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық, облыстық музейдің директоры Гүлнұр Ембердиева, «Ақ жол» газетінің мәдениет және спорт бөлімінің редакторы Табиғат Абаилдаев қатысты. Әдеби кеште сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов Хамит Есаманның ақындық қасиетімен бірге журналистік шеберлігі жайында сүбелі пікірлер айтты. Содан соң, сахнаға шығып өз ойын ортаға салған жазушы Несіпбек Дәутайұлы әдеби ортада да әуесқой деген ұғымның кең етек алып бара жатқандығын сөз етті. Сондай-ақ, жазушы өз сөзінде Хамит Есаманның нағыз жүйрік ақын екенін атап өтіп, осы кешті жоғары деңгейде ұйымдастыра білген аудан әкімдігіне зор алғысын білдірді. Бұдан кейін, әдеби кеште облыстық, республикалық жарыстарда жүлде еншілеп жүрген мектеп оқушылары Хамит Есаманның өлеңдерін жатқа оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Әсіресе, Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің 10 сынып оқушысы Жәнібек Әміреев өзінің ақын ағасына деген құрметтен туындаған «Арнау» өлеңін оқыған сәтте залда отырған көпшілік ерекше шапалақ соқты. Ілкімді шара барысында ақын Хамит Есаман жеке шығармашылығынан өлеңдер оқып, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Әдеби кештің соңында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әшімәліұлы қарымды қаламгер Несіпбек Дәутайұлына, Хамит Есаманға құрмет көрсетіп, жазушы мен ақынның иығына келісті ою-өрнекпен әдіптелген шапан жапты. «Құландағы қара өлең» деген тақырыпта позиялық кеш ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жерге туыңды тік» жобасы шеңберінде өрбіген аталмыш кешке белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәутайұлы, «Жас Алаш» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибек, облыстық «Знамя труда» газетінің директор-бас редакторы Бекет Момынқұл, «Арай» жастар газетінің директор-бас редакторы Дәулет Төленді, «Жамбыл» телеарнасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық, облыстық музейдің директоры Гүлнұр Ембердиева, «Ақ жол» газетінің мәдениет және спорт бөлімінің редакторы Табиғат Абаилдаев қатысты. Әдеби кеште сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов Хамит Есаманның ақындық қасиетімен бірге журналистік шеберлігі жайында сүбелі пікірлер айтты. Содан соң, сахнаға шығып өз ойын ортаға салған жазушы Несіпбек Дәутайұлы әдеби ортада да әуесқой деген ұғымның кең етек алып бара жатқандығын сөз етті. Сондай-ақ, жазушы өз сөзінде Хамит Есаманның нағыз жүйрік ақын екенін атап өтіп, осы кешті жоғары деңгейде ұйымдастыра білген аудан әкімдігіне зор алғысын білдірді. Бұдан кейін, әдеби кеште облыстық, республикалық жарыстарда жүлде еншілеп жүрген мектеп оқушылары Хамит Есаманның өлеңдерін жатқа оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Әсіресе, Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектептің 10 сынып оқушысы Жәнібек Әміреев өзінің ақын ағасына деген құрметтен туындаған «Арнау» өлеңін оқыған сәтте залда отырған көпшілік ерекше шапалақ соқты. Ілкімді шара барысында ақын Хамит Есаман жеке шығармашылығынан өлеңдер оқып, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Әдеби кештің соңында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әшімәліұлы қарымды қаламгер Несіпбек Дәутайұлына, Хамит Есаманға құрмет көрсетіп, жазушы мен ақынның иығына келісті ою-өрнекпен әдіптелген шапан жапты.

Марат ДИХАНБАЙ.

 

Поделиться ссылкой: