Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

94 Views

Жуырда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-премьер министр Қанат Бозымбаев Тараз өңірлік университетінің базасында Жамбыл облысындағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізген болатын. Онда Қанат Бозымбаев жаңа университеттің тиісті материалдық-техникалық базасын құру, қаржыландыру және кадрлармен қамтамасыз ету туралы есепті тыңдады.

Вице-премьер министр қажетті ведомство­аралық рәсімдерді жеделдетуді тапсырып, университет қыркүйек айында өз есігін ашуға тиіс екенін атап өтті. Осы бағытта Тараз Өңір­лік университетінен «Су шаруашылығы және ирригация» Ұлттық университеті бөлініп шығуы жоспарлануда. Осыған орай, ағымдағы жылдың 11 шілде күні «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» базасында осындай ауқым­ды жұмыстарды аудан тұрғындарына түбе­гейлі түсіндіру мақсатын көздеген кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Тараз Өңірлік университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы – Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы, Химия кафедра­сының аға оқытушысы Дилбар Кульбаева, «Ме­лио­­рация және агрономия» кафедрасының аға оқытушысы Дәулетбай Салтанат Дәулетбайқызы ретімен сөз алып, жаңа құрылып жатқан универ­ситетке Ұлттық мәртебе берілетінін, су ресурстары мәселелеріне мамандандырылатынына тоқталып, кеңінен баяндады.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Сванов Мұратбек Айтымбетұлы және білім бөлімінің жауапты қызметкерлері, ұстаздар, ата-аналар мен жас түлектер қатысты.

Аудандық білім бөлімі.

Поделиться ссылкой: