Мемлекет басшысы ғылым мен жоғары білім министрін қабылдады

52 Views

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар бастама мен жобалар таныстырылды.

Министр елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын айтты. Шетелдік серіктестермен аймақтардағы мемлекеттік университеттерді халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.
Биыл студенттерге қаржылай қолдау көр­се­тудің жаңа тетіктері енгізіле бастады. Олар­дың қатарына «Келешек» бірыңғай ерікті жинақ­тау жүйесін, «Ұлттық қор – балаларға» бағдар­ла­масын, жеңілдетілген білім беру несиесі мен дифференцияланған гранттарды жатқызуға болады. Аталған шаралар халықтың барлық санатына жоғары білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Саясат Нұрбек жасанды интеллектіні да­мыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орын­далуы туралы есеп берді. Оның айтуынша, қазір 8 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатыр. Цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ жасанды интеллект саласында мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 стипендия бөлу жоспарланып отыр.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жа­тақ­ханалар салу, жоғары білім мен ғылым инфра­құрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Аkorda.kz

Поделиться ссылкой: