Қамқорлық пен мейірімге негізделген қызмет
12 ViewsҚоғамның кемелдігі мен мәдениеті оның мұқтаж жандарға деген қарым-қатынасымен, мейірімділігімен өлшенеді. Осы орайда, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қол ұшын созып, олардың өмір сүру…
Осы уақытқа дейін статистика
күніне орай арнайы жазылған
бірнеше мақаланы шолып
шықтым. Көңіл тартпады.
Әдеттегі сандар, Google-дағы
белгілі бір деректер. Онысын
әуелден білдік қой, тек, кәсіби
журналистің қарапайым халыққа
түсінікті тілмен жеткізе алған
бір туындысын көз шалар деп
үміттеніп едік. Өзгенің қылған
қызметіне өзіне тиесілі бағасын
беріп, жасағанын дұрыстап жеткізе
алмасақ, ол біздің қызметке сын
болмақ.
Онсыз да «кредит, рассрочка, займ
мен ред» төрт құбыласынан төніп
тұрған тұрғын, есебі мен қисабы көп
статистиканың сандарына бас ауыртып,
сүріп емес, арпалысып жүрген өмірін
одан әрі қиындатқысы келмейтіні
белгілі. Дегенмен судың да сұрауы бар
ғой…
Сіздің өмірге туғаныңыз, арман
қуып кәсіп ашқаныңыз, мектепке барып
білім алғаныңыз, бала тауып, отау
құрғаныңыз – міне, сіз түсіне алмай
жүрген статистика осы. Абай атам
айтқан өмірге «туғаннан-қайтқанға»
дейінгі тұрмыс-тіршілігіңіздің үзіксіз
сызығы – статистика. Мемлекет кез
келген істі жоспарламас бұрын әуелі
статистикалық мәліметтерге сүйенеді. Демек, онсыз қазынадан бір
тиын да бөлінбейді. Дәл осы тұрғыда
статистиканың ел экономикасындағы
жай ғана көрсеткіштер емес, елдің
дамуына айтарлықтай ықпалын тигізетін тұсбағдары екенін мойындауымыз
керек. Ел Президенті Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен
Статистика комитеті «Ұлттық статистика бюросы» болып бекітілгені және
Президентке тікелей бағынатын дербес
мемлекеттік органның құрамына енгені
сөзіме нақ дәлел. Өткен күнде берілген
бағаны бүгінгі күннің жұмысына цитата
қылып пайдаланып жүргендер көп.
Статистиканың жүгі мен жауапкершілігі
ауыр қызметі мұрнының ұшына бармаса
да, ол туралы сыни мақала жазғыштар
бар. Иә, сын түзелмей, мін түзелмес.
Дегенмен сол сынның да «срогына» бір қарап қою керек. Себеп, статистика – секунд сайын жаңарып отыратын тірі
ағза іспетті. Мереке қарсаңында Тұрар Рысқұлов
аудандық статистика бюросының басшысы Пірімқұлов Бақытжан Жайлаубайұлымен тілдесіп, сала тынысымен
танысқан едік.
– Аудандық статистика бюросының
жасайтын жұмысы – аса маңызды. Біз
жергілікті жердегі нақты ахуалды – мал
басын, егін көлемін, кәсіпкерлік пен
демографияны дер кезінде тіркейміз.
Біздің мәліметтерсіз аудан әкімдігі
алдағы жылға ешқандай даму жоспарын
құра алмайды. Сондықтан әр санды
нақты әрі қатесіз көрсету – басты
міндетіміз. Бүгінде қағазбастылық
артта қалды. Кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары барлық есептерді онлайн
жүйеде тапсырады. Бұл деректердің
өңделу жылдамдығы мен дәлдігін
бірнеше есе арттырады. Ал дәлдік
бар жерде, сөзсіз, даму бар, – дейді
Бақытжан Жайлаубайұлы.
Статист болу – жай ғана бекітілген
жұмыс кестесімен шектелмей, түн
тыныштығын тәрк ету. Статист болу –
қыранның қырағылығы мен бүркіттің
дәлдігін теңдей игеру. Статист болу
– ел мүддесі үшін қателіксіз қызмет
жасау. Статист болу – жұрт ұйқыға
кеткенде жұмысты жалғастырып, таңды есеппен қарсы алу. Есепті кезеңде үйдің жылуын сағынса да, ел
алдындағы міндетін аяқтамай тыным таппау. Иә оқырман, біз білмейтін,
бірақ біз үшін аянбай тер төгіп жүрген
жандар – осы кісілер. Сөз реті келгенде,
бюро басшысы Пірімқұлов Бақытжан
Жайлаубайұлынан өзі басқарып отырған
ұжымның жұмысына қаншалықты
көңілі толатынын сұрадық.
– Әлбетте, көңілім толады. Әсіресе
аудандық статистика бюросының бас
маманы Құлманов Ербол Амангелдіұлы
мен жетекші маман Өкенова Сандуғаш
Әлімханқызы – аналитикалық қырағылығы мен кәсіби біліктілігі жоғары,
өз ісінің нағыз мамандары. Әріптестерімнің еңбегі ешқашан елеусіз
қалған емес. Осы уақытқа дейін
«Статистика үздігі», «Ауданға еңбегі
сіңген» марапаттарына ие болып
келеміз, – деп түйіндеді бюро басшысы. Аудан экономикасының негізгі салаларында да оң динамика байқалды. 2026
жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес
кезеңімен салыстырғанда көтерме сауда
73,9 пайызға, инвестиция 26 пайызға,
өнеркәсіп 8 пайызға өскен. Ал ауыл
шаруашылығы 2,2 пайыз, құрылыс 1
пайыз, бөлшек сауда 0,5 пайыз өсім
көрсетті.
Статистика – сан. Ал санның салмағы ауыр. Сол салмақты арқалап
жүрген статистика мамандарының төл
мерекесі құтты болсын. Еңбектеріңіз
жемісті, жұмыстарыңыз нәтижелі,
абыройларыңыз асқақ болсын.
Нұрай ҚҰРМАНБЕК.