Астық жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы ережелер

124 Views

Астық жинау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайық.
Астық жинау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше маңыздылықты иеленеді. От қысқа уақытта астық қорын жоюы мүмкін. Астық жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және қатаң орындау өрттің алдын-алудың маңызды шарты болып табылады.
Дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидалары тәртібі қарастырылған. Онда ауыл шаруашылығы өндірушілері сақтауға тиіс ережелер мен іс-шаралар сипатталған.
Егін жинау кезінде және ол аяқтал­ғаннан кейін, өрттің пайда болуының не­гізгі себептері:
– отты абайсыз қолдану;
– қожалық иелерінің сабанды рұқсатсыз жағуы;
– қолданыстағы техниканың электр ақаулығы;
– тракторларда болуға тиіс ұшқын сөндіргіштердің (искрогаситель) жоқтығы;
– сөндірілмеген темекі қалдығы болып табылады.
Далалық жұмыстарды жүргізу ке­зінде қойылатын негізгі өрт қауіп­сіздігі талаптары:
– барлық дала жұмыстарына қатысатын тұлғалар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен танысуы тиіс;
– өрт сөндіру құралдары нормаға сәйкес екендігін және қолдануға дайын болуын, дереу пайдалану үшін мүмкіндік жасалуы тиіс;
– жұмыс жүргізу кезінде, егін ал­қап­тары маңайында, сондай-ақ жа­нында са­банды және шөпті өртеуге тыйым са­лынады;
– мұнай өнімдерімен толтыру және газ-электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу арнайы құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған алаңдарда жүзеге асырылуы тиіс. Ені 4 метрден кем емес минералдандырылған жолақпен жүргізілген құрылыстардан 50 м және шөп, сабан, тоқ желілерінен 100 м ара-қашықтықта жүргізілуі тиіс;
– жанармай құю жұмыстары кезінде қозғалтқыш өшірілуі тиіс. Түнгі уа­қытта техникаларға жанармай құюға тыйым салынады.
Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен, «101» немесе «112» нөмірін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз. Есіңізде болсын, осы ережелерді қатаң ұстансаңыз өз өміріңіз бен дүние мүлкіңізді сақтай аласыз.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт
сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: