Қайран біздің Аналар Арды ойлаған…

109 Views

Айымжамал әжемнің қай­сар­лығын айтамын да. Жұбайы соғысқа аттанып, сол күйі оралмады. Қара қағаз да кел­ме­ген. Бірақ өмірінің соңына дейін қара шалын күтумен өткен. Әйтпесе, әмеңгерлік жолымен өзге жанның етегінен ұстауына да болмас па еді. Әжем ондай қадамға барған жоқ. Не деген даналық иә.
Атам Аятберген ол кісі­нің жалғыз ұлы еді. Ол атам­ды әулеттің ошағын сөндір­месін деген ниетпен қандай қара­кеттерге барғанын ойлау­дың өзі аянышты. Тіпті, соғысқа аттанайын деп тұрған жерінен Айымжамал әжем жалғыз ұлы Аятберген атамды аман алып қалған. Ал оқиға басқаша өрбігенде не болары белгісіз еді… Атамнан – әкем, әкемнен – біз тарадық. Ойлап көріңізші. Сұмдық енді.
Сол кезде әжемнің жасы 30-дар шамасында екен. Ме­нің мына нәрсеге «миым» жет­пейді. Заманында ақша­ны емес, арды ойлаған ақ жаулықты әжелеріміздің жасағанын өз қағынан жерінген, шақалақтарын қоқыс­қа тастаған жиырма бірін­ші ғасырдың «замануи ке­лін­шектері» жасай алар ма екен. Әй қайдам?..

М. Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: