Құлаққағыс

96 Views

Тамыз айының 14-і мен 16-сы аралығында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аумағында «Қызметтік қару» жедел алдын алу профилактиқалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – мекемелер­ге бекітілген қызметтік қарудың сақталуын, пайдалануын және алып жүру қағидаларының бұзылуына жол бермеу болып табылады. Егер сіз қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды тапсаңыз, оларды тасымалдауға тырыспаңыз. Жазатайым оқиғаларды болдырмау және жарақаттанудың алдын алу үшін дереу полицияға хабарласуларыңызға болады. Тел.: (8726 31) 36-3-43.
Ераслан Есенғали,
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты.

Поделиться ссылкой: