Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының «Jambyl-109» «Жамбыл облысының бірыңғай коммуналдық диспетчерлік қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы арасында оператордың жауабын күту режимінде тұрған «Jambyl –109» абоненттері үшін МӘМС жүйесінің аудиороликтерін тегін тарату туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қою кезінде тараптар облыс тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабардар етуде жан-жақты қолдау туралы уағдаласты.
«Бұл ынтымақтастық ақпараттық жұмысты қамтуды едәуір кеңейтеді және азаматтардың көпшілігін МӘМС туралы маңызды ақпаратқа қол жеткізуіне қамтамасыз етеді. Енді оператордың жауабын күту режимінде тұрған абоненттер МӘМС жүйесі туралы пайдалы ақпараты бар 20 секундтық аудиороликтерді тыңдай алады», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Ғайни Аймағанбетова.
«Jambyl-109» бірыңғай коммуналдық диспетчерлік қызметі тәулік бойы 24/7 жұмыс істейді. Қала мен облысты абаттандыру мен тіршілікті қамтамасыз ете отырып, облыстың атқарушы органдарымен және коммуналдық қызметтермен өзара әрекет етеді.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.