Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
12 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Кеше Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтіп, оған аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Салтанатты шарада аудан басшысы Ернар Серікәліұлы құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің негізгі тірегіне айналған Конституциямыздың басты ерекшелігіне тоқталды.
Содан соң бірқататар азаматтар мен азаматшаларды наградалармен марапаттады. Шара соңы Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Өз тілшіміз.