Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы

76 Views

Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының – ана тілі.
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Адамның қолындағы барлық асыл заттар тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қадірлеуі керек. Тұрар Рысқұлов ауданы­ның мемлекет­тік архивінің жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан халықтарының тілдері күніне 35 жыл толуына орай аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Достық» үйінде дөңгелек үстел өткізілді. Архив құжаттарын пайдалана отырып көрме көрсетілді. Көрмеге латын әріптерімен жазылған кітаптар мен жеке тектік құжаттар топтамасы қойылды.

«Тұрар Рысқұлов ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Поделиться ссылкой: