Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі

73 Views

Дәл осындай тақырыпта өткен жұмада аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде отау құрғандарына 25 және 50 жыл толған отбасылардың қатысуымен мерекелік жиын өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова қатысты. Жиында алғашқы болып сөз сөйлеген Әлібек Мамытжанұлы бұл шарапаты мол іс-шара Отбасы күні қарсаңында ұйымдастырылып отырғанын айтып, жанұядағы жақсы тәрбие мемлекет дамуына оң әсерін тигізетінін айтты.
Тәрбие – отбасынан басталады. Сондықтан да ел ертеңі саналатын жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі ең алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады.
Шара барысында құрметті қонақ ретінде шақырылған отбасы мүшелері де сөз сөйледі. Олар отбасын құрғаннан кейін кезіккен қиындықтарды баяндап, отбасылық құндылық, бала тәрбиесі, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық жайында кеңінен әңгімелеп берді. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары шақырылған қонақтарды құттықтап, арнайы марапаттады.
Айта кету керек, алғыс­қа бөлен­гендер қатарында аудан­дық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова да бар. Шара соңы аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: