Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының оқыту-семинары өтті
Кеше Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында «Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы» тақырыбында Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының оқыту-семинары өтті. Аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған бір күндік оқыту-семинарына Жамбыл облыстық референдум комиссиясының мүшелері, Тұрар Рысқұлов аудандық референдум комиссиясының мүшелері, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімшесінің есепшісі, учаскелік референдум комиссияларының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Оқыту-семинарды Жамбыл облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды.
ҚР Орталық референдум комиссиясының тапсырмасына сәйкес, дәріс беру алдында референдум және сайлау туралы түсініктерін айқындап алу үшін тест өткізілді.
Одан кейін негізгі жұмыс регламенті басталып, «Республикалық референдумды дайындау және өткізу кезіндегі ұйымдастыру мәселелері» және «Референдум құжаттарын толтыру тәртібі туралы» Жамбыл облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов, «Референдумды өткізуде даярлық барысын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету туралы» және «Онлайн-платформалар мен әлеуметтік желінің қолданысы туралы» облыстық референдум комиссиясының мүшесі Мерей Амангелді, «Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі, тізімге енгізу және таныстыру тәртібі туралы» және «Сайлаушыларды республикалық референдум туралы хабардар ету алгортимі туралы» Тұрар Рысқұлов аудандық референдум комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов, «Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт туралы» және «Республикалық референдум процесін даярлау мен өткізу барысында байқаушылар мен саяси партиялар және қоғамдық ұйымдардың рөлі туралы» облыстық референдум комиссиясының мүшесі Мейіржан Сембеков баяндама жасады. Түз мезгілінен соң қайта жалғасын тапқан семинарда «Республикалық референдумды өткізу тәртібі туралы» және «Дауыс беру мен дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі туралы» Жамбыл облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов, «Республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыру туралы» және «Республикалық референдум өткізу кезінде мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің және хабардар етудің өзекті мәселелері туралы» облыстық референдум комиссиясының мүшесі Мерей Амангелді, «Республикалық референдумды заң талаптарына сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету және жауапкершілік» әрі «Референдум құжаттарындағы сайлаушылар деректеріне қол жеткізген кезде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда дербес деректерді сақтау, жою, өңдеу нормалары туралы» облыстық референдум комиссиясының мүшесі Еркін Жапаров, «Жанжалды жағдайларды басудың медиа типті технологиялары туралы» облыстық референдум комиссиясының мүшесі Мейіржан Сембеков баяндама жасады. Содан соң «Республикалық референдумды даярлау мен өткізу бойынша кейстік сұрақтардан тұратын топтық іскерлік ойыны» тақырыбы бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық референдум комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов сөз сөйледі. «Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы» тақырыпта ұйымдастырылған бір күндік семинар қатысушыларына жиын соңында сертификат табыс етілді.
Марат Диханбай.