ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

13 Views

Жылыту маусымының басталуымен тұрғын үйлерде өрт шығу қаупі арта түседі. Әсіресе пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде, сондай-ақ, электр жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау түрлі төтенше жағдайларға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өрт оқиғаларының алдын алу үшін
ең алдымен пештердің, мұржалардың
және жылыту жүйелерінің техникалық
жағдайын тұрақты түрде тексеру қажет.
Пештің жарықтары мен ақауларын
уақтылы жөндеп, мұржаны күйеден
жүйелі түрде тазалау маңызды. Пешті
жағу кезінде тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға және жанып
жатқан пешті қараусыз қалдыруға болмайды. Сонымен қатар:
– пештің алдына көлемі кемінде
50х70 см болатын металл төсем орнату
қажет;
– жанғыш заттар мен отындарды
пештің жанында сақтауға жол берілмейді;
– жылыту пештерін шамадан тыс
қыздыруға болмайды;
– балаларды жанып тұрған пештің
жанында қараусыз қалдыруға жол
бермеңіз;
– электр жылыту құралдарын тек
зауытта шығарылған, жарамды құрылғылардан таңдап, оларды қараусыз
қалдырмаңыз;
– бір электр розеткасына бірнеше
қуатты электр құрылғысын қатар
қоспаңыз;
–электр сымдарының оқшаулағыш
қабаты зақымданған жағдайда оларды
пайдаланбаңыз.
Қыс мезгілінде тұрғындар үшін
тағы бір маңызды қауіп – иіс тиіп
улану. Пешпен жылытылатын тұрғын
үйлерде көміртегі тотығының жиналуы
адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Сондықтан пештің тартуын тексеріп,
түтін шығатын жолдардың бітеліп
қалмауын қадағалау қажет. Тұрғын
үйлерге көміртегі тотығын анықтайтын
арнайы датчиктер орнату да қауіпсіздіктің маңызды шараларының бірі
болып табылады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау
– әрбір азаматтың міндеті. Қарапайым
сақтық шараларын орындау арқылы
өрттің алдын алып, өз өміріңіз бен
жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.
Егер өрт немесе түтін байқалса, дереу
101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
тұрғындарды жылыту маусымында өрт
қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және
өз қауіпсіздіктеріне жауапкершілікпен
қарауға шақырады.
АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий