«Заң мен Тәртіп» қағидаты жай ұран емес…

12 Views

Қоғамның діңгегі – отбасы. Ал
отбасының берекесі мен қауіпсіздігін
сақтауда құқықтық сауаттылықтың
атқаратын рөлі зор. Қоғамның
тұрақтылығы мен әрбір шаңырақтың
берекесі тікелей заң үстемдігі мен
тәртіпке, отбасылық тәрбие мен
салауатты өмірге байланысты. Осы
орайда, ауданымыздағы «Отбасын
қолдау орталығының» (бұдан әріорталық) заңгері тарапынан ауқымды
іс-шаралар өткізілді. Бұл шаралардың
басты мақсаты – азаматтардың, оның
ішінде жасөспірімдердің арасында
құқық бұзушылықтың алдын алу,
құқықтық мәдениетін көтеру, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын
алу және қиын жағдайға тап болған
жандарға (отбасыларға) дер кезінде
көмек көрсетудің мәні мен маңызы
болып табылады. Көптеген тұрғындар
дер кезінде орынды берілген кеңестің
арқасында өз құқықтарын қорғаудың
жолдарын үйренеді. Ағымдағы жылдың
тоғыз айында орталықтың заңгері
күнделікті лауазымдық нұсқаулық пен
қызметтік жұмыс кестесінен басқа, өз
тарапынан іс-жоспарға сәйкес, Мемлекет
басшысының еліміздің ішкі саясатында
алға қойған «Заң мен тәртіп» қағидаты
аясында, аудан аумағында бірнеше
мекеме ұжымымен кездесулер өткізілді.
Айта кетсек, Әлихан Бөкейханов
атындағы орта мектебінің әкімшілігі
мен мұғалімдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел, аудандық сот
судьясымен сот әкімшілігінде өткен
семинар жиналысы, аудандық полиция
бөлімінің жергілікті полиция және
пробация қызметкерлерінің қатысуымен
кездесу, «Құлан жолдары» ЖШС-нің
жұмысшылары, «ҚазақГазАймақ» АҚ
жұмысшылары, аудандық статистика
бөлімінің қызметкерлері, «Құлан Дән»
ЖШС-нің қызметкерлері, «Т.Рысқұлов
ауданы электр жүйелері» ЖШС қызметкерлері, аудандық Төтенше жағдайлар қызметі және Өрт сөндіру
бөлімінің жеке құрамымен, Әлихан
Бөкейханов атындағы орта мектебінің
жоғары сынып оқушылары, атааналары, мұғалімдерінің қатысуымен,
№1 мектеп-лицейі жоғары сынып
о қ у ш ы л а р ы м ен а т а — а н а л а р ы ,
м ұ ғ а л і м д е р і а р а с ы н д а , Қ ұ л а н
агротехникалық жоғары колледжі
білімгерлерімен жиналыстар, кездесулер
өтіп, тікелей пікір алмасу форматында
сұхбаттар жүргізілді.
Кездесуге қатысушылар жиналыс
б а р ы с ы н д а ө з д е р і н м а з а л а ғ а н
сұрақтарға заң тұрғысынан жауап
алды. «Құқықтық білім әр шаңыраққа
жетуі тиіс. Біздің мақсатымыз – әрбір
азаматтың өз құқығын біліп, оны тиімді
қорғай алуына жағдай жасау» – осы
бастама қоғамда үлкен қолдауға ие
болып отыр. Өйткені заң үстемдік
құрған қоғамда ғана отбасылардың
қауіпсіздігі мен бақыты баянды болмақ.
Шара барысында «Заң және тәртіп»
қағидатының қоғамдағы маңызы
туралы дәріс оқылып, түсіндірме
жұмыстары жасалды. Көпбалалы
аналар мен әкелерге, жалғыз басты атааналарға және әлеуметтік аз қамтылған
отбасыларға тегін құқықтық кеңестер
берілсе, ал жасөспірімдерге отбасы
мен қоғамның бала тәрбиесіндегі
рөлі туралы жан-жақты айтылды.
Азаматтарды толғандырған баспана
кезегі, әлеуметтік жәрдемақылар,
алимент өндіру, бала тәрбиесіне қатысты
және басқа да құқықтық, әлеуметтікқаржылық даулар сияқты өзекті
мәселелер бойынша заң шеңберінде
нақты бағыт-бағдар көрсетілді.
2026 жылдың қыркүйек айында
аудандық білім беру ұйымдарында
оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу
барысында құрылған мобильді жұмыс
тобы құрамында «Заң және тәртіп»
қағидатын қоғамда, әсіресе өскелең
ұрпақ арасында кеңінен дәріптеу
мақсатында «Құқық бұзушылықтың
алдын алу» тақырыбында, арнайы ісшаралар жоспары аясында шалғай
елді мекендерді де қамти отырып,
жалпы саны 7 орта мектепте, дәлірек
айтсақ, Қ.Сәтбаев атындағы орта
мектеп, М.Әуезов атындағы орта мектеп, Б.Момышұлы атындағы орта
мектеп, Абай атындағы орта мектебінде, Қорағаты ауылындағы орта
мектепте, Қызылшаруа ауылындағы
орта мектебі мен Ақбұлақ ауылындағы
орта мектебінде жоғары сынып
оқушыларымен және мұғалімдерімен
маңызды кездесулер мен жиналыстар
өткізіліп, ауқымды баяндама жасалды.
Жиналыстар барысында орталық
заңгері құқықтық мемлекетте әрбір
азаматтың міндеттері мен жауапкершілігі қатар жүретінін атап өтті.
Жоғары сынып оқушыларына бала
құқығы мен қауіпсіздігі, бұзақылық,
т ұ р м ы с т ы қ з о р л ы қ — з о м б ы л ы қ ,
сталкинг, киберқылмыс, девиантты
мінез-құлық және құрдастар арасындағы
қысым (буллинг, кибербуллинг)
сияқты келеңсіз құбылыстардың
заңдық салдары егжей-тегжейлі
түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке
толмағандардың түнгі уақытта үйден
тыс жерде жүру тәртібі мен оған ата-
-ананың жауапкершілігі де сөз болды.
«Заң және тәртіп» қағидаты – бұл жай
ғана ұран емес, бұл біздің күнделікті
өмір сүру салтымызға айналуы тиіс.
Мектеп қабырғасынан бастап тәртіпке
бой ұсынған бала – ертеңгі күні заңды
сыйлайтын саналы азамат болып
қалыптасады. Бұл жиналыстардың басты
мақсаты – жасөспірімдер арасындағы
құқық бұзушылықтың алдын алу,
құқықтық сауаттылық пен мәдениетін
арттыру және отбасы мен мектеп
арасындағы байланысты нығайту.
Ауылдық жерлердегі білім ошақтарына
ерекше көңіл бөлініп, шалғайдағы
тұрғындар мен оқушылардың заң
тұрғысынан ақпарат алуына толық
жағдай жасалып отырғаны да тілге тиек
болды. Оқушылар өздерін қызықтырған
сұрақтарға тиісті жауаптары берілді.
Атқарылған іс-шаралар мен кездесу жиналыстарына жалпы саны
мыңнан аса адам қамтылып, қатысты. Алдағы уақытта да, Отбасын қолдау орталығының заңгері заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы
ағартушылық және түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.
Нұрлан ҚАЛМАНБЕТОВ,
аудандық Отбасын қолдау
орталығының заңгері.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий