ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП – ОРТАҚ МІНДЕТ
Қоғамдық тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізгі кепілі.
Әрбір азаматтың тыныштығы, көшедегі
қауіпсіздік, қоғамдық орындардағы
мәдениет пен өзара сыйластық
адамдардың ортақ жауапкершілігіне
байланысты. Сондықтан қоғамдық
тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау
органдарының ғана емес, барша
азаматтың міндеті. Қоғамдық тәртіп
дегеніміз – адамдардың қоғамдық
орындарда белгіленген ережелер мен
заң талаптарын сақтауы, өзгенің
құқығы мен бостандығына құрметпен
қарауы. Көшеде, саябақта, білім беру
мекемелерінде, қоғамдық көлікте және
басқа да ортақ орындарда тәртіп сақтау
– мәдениеттіліктің белгісі.
Қазіргі таңда қоғам қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың
алдын алу және азаматтардың құқықтық
сауаттылығын арттыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе
жастар арасында заңға құрметпен
қарау, жауапкершілікті сезіну және
қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау
мәдениетін қалыптастырудың маңызы
зор. Өйткені тәртіпті қоғам – саналы
ұрпақ пен жауапты азаматтардың
нәтижесі. Қоғамдық қауіпсіздікке бейжай қарамау да – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Қауіпті жағдайды байқаған кезде тиісті қызметтерге
хабарлау, қоғамдық орындарда тәртіп
бұзушылықтың алдын алуға атсалысу
және айналадағы адамдарға үлгі болу
– ортақ іске қосылған үлес.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр
азаматтың ортақ міндеті. Қауіпсіз әрі
тыныш қоғам қалыптастыруда заң
талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасында
түсіндіру жұмыстарын жүргізудің
маңызы зор. Осы бағытта ауылдық
округте профилактикалық жұмыстар
тұрақты түрде жүргізілуде. Атап
айтқанда, кешкі және түнгі уақытта
рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып,
қоғамдық орындардағы тәртіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі
және құқық бұзушылықтың алдын алу
мәселелері назарға алынуда. Рейд барысында тұрғындармен, жастармен және
ата-аналармен түсіндіру кездесулері
өткізіліп, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, түнгі уақытта
қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде
ескертулер жасалуда. Сонымен қатар жастар арасында құқықтық
сауаттылықты арттыруға бағытталған
кездесулер мен профилактикалық
әңгімелер ұйымдастырылып келеді.
Қоғамдық тәртіп – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша
азаматтың жауапкершілігі. Әр адам
өз міндетін адал орындап, айналасындағылардың құқықтары мен қауіпсіздігіне құрметпен қараса, қоғамдағы
тұрақтылық пен тыныштық нығая
түседі. Тәртіп бар жерде – қауіпсіздік
бар. Сондықтан қоғамдық тәртіпті
сақтау ісіне әрқайсымыз өз үлесімізді
қосуымыз қажет.
Қорытындылай келе, қоғамдық
тәртіп – баршамызға ортақ құндылық
әрі міндет. Тәртіпті сақтау әр адамның
жеке жауапкершілігінен басталады.
Заңға құрмет, өзара сыйластық және
қоғамдық қауіпсіздікке деген жауапты
көзқарас арқылы ғана тыныш әрі
қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз.
Ендеше қоғамдық тәртіпті сақтау –
әрқайсымыздың күнделікті міндетіміз
екенін ұмытпайық.
А.ИБРАЕВА,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің Құмарық ауылдық округі
бойынша жастар ісі жөніндегі
маманы.
