СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

92 Views

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық депар­таменттері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тараз қаласының тұрғыны өзіне тиесілі жер учаскесін екі бөлікке бөліп, жаңа жер учаскелеріне мекенжай беру туралы анықтамасын алу үшін қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өтініш білдірген.
Алайда бөліммен жер учаскесінің бір бөлігіне жаңа кадастрлі мекенжай анықтамасы берілсе, жер учаскесінің екінші бөлігіне мекенжай анықтамасын беру кезінде ескі кадастрлы нөмірін қайта көрсете отырып, сапасыз мемле­кет­тік қызмет көрсетілген.
Осы орайда өтініш иесі бөлім тара­пынан көрсетілген сапасыз қызметке наразылық білдіріп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне шағымданған.
Департаментпен шағымды сұрау салу арқылы қарау барысында бөлім мен мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында белгіленген құжаттар тізілімінен бөлек артық мәліметтерді, яғни алынған жаңа кадастр нөмірін дәлелдеп беру үшін қосымша рас­тау мәліметтері сұратылғандығы анық­тал­ды.
Қызметті көрсету үшін барлық құжаттар мен мәліметтер электронды үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алатындығы айқындалған және басқа қосымша құжаттармен мәліметтер сұратуға жол берілмейді.
Осылайша, Департаменттің ық­пал ету шараларының нәтижесінде ша­ғым иесіне сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіліп, жаңа кадастрлы жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай анықтамасы берілді. Қызмет алушының бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.
Бұзушылықтарға жол берген жауап­ты маман «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Р. Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы.

Защищены права услугополучателя в сфере архитектуры и градостроительства

Агентство РК по делам государ­ст­вен­ной службы и его территориальные депар­таменты осуществляют оценку и госу­дарственный контроль за качеством оказания государственных услуг.
Так, житель города Тараз, разделив принад­­лежащий ему земельный участок на две части, обратился в Отдел архитек­туры и градостроительства акимата го­рода Тараз за получением справки о прис­воении адреса новым земельным участкам.
Однако, отделом выдана новая кадастро­вая адресная справка лишь на одну часть земельного участка, при выдаче адресной справки на второй земельный участок указан старый кадастровый номер, тем самым государ­ственная услуга оказана некачественно.
В связи с этим, заявитель обратился в Департамент Агентства РК по делам государственной службы по Жам­­былской области с жалобой на некачественную услугу, оказанную отделом.
В ходе рассмотрения жалобы путем запроса Департаментом установлено, что отделом дополнительно были запрошены излишние сведения для установления нового кадастрового номера, не предусмотренные в перечне необходимых документов согласно Правил оказания государственной услуги.
Все документы и сведения для оказания услуги поступают из соответ­­ствующих государственных информационных систем через шлюз электронного правительства, и при оказании государственной услуги, не допускается истребование от услуго­получателей документов и сведений, которые могут быть получены из инфор­мационных систем.
Таким образом, в результате мер реагиро­вания Департамента заявителю выдана адресная справка на новый кадастровый объект недвижимости. Нарушенные права услугополучателя полностью восстановлены.
Ответственному специалисту, до­пус­тившему нарушения, наложено дис­циплинарное взыскание в виде «заме­чания».

Р.Шарипов,
руководитель Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Жамбылской области, председатель Совета по этике.

Поделиться ссылкой: