Бұл жай ғана жоба емес, бұл елдің болашағы

106 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда атом энергетика станциясын соғу туралы айтып өтті. Қазақстан атом электр станциясын салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке маңызды қадам жасайды деп ойлаймын. Бұл жай ғана жоба емес, бұл елдің болашағына салынған инвестиция екеніне сенімім мол. Атом энергиясы-бұл мұнай мен газ бағасының өзгеруіне тәуелді емес тұрақты және сенімді электр көзі болып табылады. Біз уранның бай қорымен Қазақстан осы салада көшбасшы бола алатынына сеніммен қараймын. Бұл ел үшін табиғатты қорғай отырып, әлемдік энергетикалық нарықта дамуға және бәсекеге қабілетті болып қалуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Айдана Ибраева,

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар

ресурстық орталығы» КММ инспекторы.

Поделиться ссылкой: