Менің Отаным – Қазақстан!
Жақында Республика күніне орай аудандық «Достық үйінде» «Менің Отаным – Қазақстан!» деген тақырыпта дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті. Мерекелік шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының Т.Рысқұлов ауданы бойынша Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Өтегенов пен ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Орыс», «Шешен», «Неміс», «Қарашай» этно-мәдени бірлестігінің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, кеңес төрағасы С.Өтегенов баяндама жасады. «Орыс» этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Любовь Павловна өз құттықтауын «Отан» атты өлең шумақтарымен жеткізді. Сонымен қатар Р.Сәбденов ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарқынбай Әденов, Құмарық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалыбек Жұманиязов, Қорағаты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Боранбаев мемлекетіміздің өткені мен жеткен жетістігі жөнінде пікір алмасса, Ақыртөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Иманалиев, Жаңатұрмыс ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсенбай Кокшев, ішкі істер қызметінің ардагері Жамбыл Назарбеков, Ауған соғысының ардагері, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов жастарға үлкен үміт артатындығын айтып, болашақ жастардың қолында деген пікір білдірді. Бұл іс-шарадан «Тілдерді оқыту» бөлімі де қалыс қалмады. «Мемлекеттік тілді үйрену» үйірмесінің қатысушысы Наталья Владимировна қазақ тілінде көркем сөз оқыды.
Абай ауылдық билер кеңесінің төрағасы Нұркерім Әбілдаев, «Орыс» этно-мәдени бірлестігінің көркемдік жетекшісі Юлия Париева, «Шешен» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Ариб Саид Ахаев, «Қарашай» этно мәдени бірлестігінің төрайымы Эльмира Асылбекова, «Өзбек» этно мәдени бірлестігінің төрағасы Бахадүр Миршарипов, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Есеевтің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Шара соңы «Туған елім» атты «Достық үйінің» Әнұранымен аяқталды.
Назерке Керімбекова,
«Достық үйінің» этнографы.