Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауқымды тірліктер атқарды

102 Views

Т.Рысқұлов аудандық сай­­лау комиссиясының 2024 жыл­дың 12 айдағы жұмысы бекі­тілген жұмыс жоспарына сәйкес жүр­гізілді. Аудан бойын­ша 35 сай­лау учаскелері, оның ішінде: 7 сайлау учаскелері Құ­лан ауылында, 28 сайлау учас­ке­лері 14 ауылдық округ­тер­де ор­наласқан. Сайлау учаске­лері­нің 25-сі мектептерде, 1-еуі кол­леджде, 8-і мәдениет үйінде, 1-еуі ауылдық округ әкімі аппа­раты­ның ғимаратында орна­лас­қан.
Сайлау комиссияларының құ­рамы – 308, оның ішінде аудан­дық сайлау комиссиясы – 7, учаске­лік сайлау комиссиялары – 221, округтік сайлау комис­сия­лары – 80 комиссия мүшеле­рі­нен тұра­ды.
Сапалық құрамы төменде­гі­дей: барлық комиссия мүшелері­нің 149-ы ер (48,40%), 159-ы әйел (51,60%); жоғары білімді – 242 немесе (78,58%); арнаулы орта білімді – 64 немесе (20,77%); орта білімді – 2 немесе (0,65%).
2024 жылдың 12 айында сайлаушылар тізіміне өзектен­діру жұмыстары тұрақты жүргі­зіліп, анықталған қателіктер мен айыр­машылықтар дер кезінде жойылды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссия­сының 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, комис­­сия­ның жоспарлы 12 оты­рысы өткізіл­ді.
Сайлау комиссиялары мү­ше­­­­лерін оқыту 2024 жылғы 26 сәуірде сайлауға дайындық және әзірлеу жұмыстарын дұ­­­­рыс ұйымдастыру мақса­тын­да Жамбыл облыстық сай­­­лау комиссиясының ұйым­дас­­­тыруымен учаскелік сай­лау ко­мис­сияларының құра­мына жаңа­дан сайланған комис­сия мүше­­лерінің қатысуы­мен 8 са­ғаттық семинар ұйым­дас­ты­ры­лып, тестілеу жүргізі­ліп, тиісті сертификаттар табыс­тал­ды.
Облыстық сайлау комиссия­ның мүшелері бірнеше тақырып бойынша оқытуды жүргізді. 2024 жылдың 12 қыркүйегінде облыстық аумақ­тық сайлау комиссиясы мүше­лері­нің ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды даяр­лау мен өткізудің ұйым­дастырушылық аспектілері» тақыры­бында 8 сағаттық семи­нар өткізіліп, барлық, яғни 221 учаскелік сайлау комис­сия­лары­ның мүшелеріне тиісті серти­фикаттар табысталды.
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комис­­сиясының 2024 жылғы 24 сәуір­дегі №4 шешімімен Құлан және Қарақыстақ ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайын­далып, 2024 жылғы 2 маусымда өтті.
Сайлауды әзірлеу мен өткізу жұмыстары Конституциялық заң талаптарына және күнтізбелік жоспар бойынша жүргізілді.
Сайлауға – 1 аумақтық, 11 учаскелік сайлау комиссия­лары­ның жалпы саны – 78 комиссия мүшесі қатысты.
Жалпы Құлан және Қара­қыс­тақ ауылдық округтері бо­йын­­ша 14413 сайлаушының 4065-і сайлауға қатысып, сайлау­ға қатыс­қандар көрсеткіші 28,2% құра­­ды.
Құлан ауылдық округі бойынша:
Сайлау қорытындысымен 2151 (88,77%) дауыспен Еркін Серікхан­ұлы Сейтжапаров Құлан ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Қарақыстақ ауылдық округі бойынша:
Сайлау қорытындысымен 1211 (78,43%) дауыспен Серік Берікқожаұлы Дәлібаев Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Т.Рыс­құлов ауданы, Луговой ауылдық округі әкімінің сайлауы да өтті.
Сайлау қорытындысымен 2596 (82,60%) дауыспен Жасұлан Бейшенқұлұлы Өмірқұлов Луговой ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
2024 жылғы 24 қарашаға тағайын­далған Т.Рысқұлов ау­даны, Көгершін ауылдық округі әкімінің сайлауы да өтті. Сайлау қорытын­дысымен 942 (87,63%) дауыс­пен Қартанбаев Ғабит Жүніс­бекұлы Көгершін ауылдық округі­нің әкімі болып сайланды.
Байқаушылар мен сайлау­шылар тарапынан сын-ескерт­пе­лер мен заң бұзушылық­тар тіркел­ген жоқ.
Қазақстан Республикасы Прези­­дентінің 2024 жылғы 2 қыркүйек­тегі «2024 жылғы 6 қазанда республикалық ре­фе­рен­дум өткізу туралы» №636 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сай­лау комиссиясының 2024 жыл­ғы 3 қыркүйектегі №38/42 Қаулы­сы­мен 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Аталған күнтізбелік жоспар аясында аудандық аумақтық референдум комиссиясы тиісті шаралар атқарды.
Республикалық референ­дум­­ды өткізу барысында 44 саяси партиялардың өкілдері (Аманат), сондай-ақ, Орталық сай­лау комиссиясының аккреди­тациясынан өткен қоғамдық бір­лестіктен 35 («Дауыс» қоғам­дық байқаушылар коалициясы» Республикалық қоғамдық бір­лес­тігі) байқаушы, облыстық аумақ­тық сайлау комиссиясының аккре­дитациясынан өткен 26 («Жастар-зерттеу» Жастар қоғам­дық бірлестігі) байқаушы және аудандық «Құлан таңы» газеті редакциясының 3 өкілі ре­фе­рен­дум учаскелерінде тір­кел­­ді.
Дауыс беру күні байқаушылар мен дауыс беруші азаматтар тара­­пынан сын-ескертпелер мен заң бұзушылық деректер тіркел­ген жоқ.
Алдағы уақытта аудан­дық сайлау комиссиясы консти­туциялық заңның талаптарына сәйкес, ашықтық пен жария­лы­лықты, әділдік пен алқалы­лық­ты қамтамасыз ету мақ­са­­­­­тында тиісті жұмыстар ат­­қа­­ра­­тын болады.

Манарбек Тлепов,
Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Поделиться ссылкой: