Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті. Мерекелік кешті ауыл әкімі Қартаңбаев Ғабит Жүнісбекұлы сөз сөйлеп ашып, әрі қарай билер кеңесінің төрағасы Нысанбай Таукенов, Ақтоған орта мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Серік Айтбаев сөз сөйлеп, ауыл халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жыл қорытындысы бойынша түрлі саладағы қызметкерлерге ауыл әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлығы берілді. Мерекелік кеш ауыл өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Түрлі ойындар ойнатылып, осылайша ауыл халқы керемет кештің куәсі болды.
«Құлан таңы» ақпарат.