Аудан басшысы кітапханаға кітап сыйлады

97 Views

Әулиеата өңірінде кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда, өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов кітапхана қызметкерлерімен жеке кездесіп, рухани азық беретін кітаптың маңыздылығы туралы ой бөлісті.
«Кітап – білім мен рухани байлықтың көзі» екенін ескерген аудан басшысы кітапхана қорын толықтыру мақсатында бірнеше кітап сыйлап, оқырман санының арта беруін тіледі.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аудандық кітапханаға өзі оқыған Джеймс Клирдің «Атом әдеттер» және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Қазыбайұлының «Баталар жинағы» кітаптарын сыйға тартып, өз әріптестерін баянды бастамаға қосылуға шақырды. Қос бірдей құнды дүниені кітапханашылар ресми түрде тіркеп, аудан басшысына өз алғыстарын білдірді.

Жәнібек Базылбек.

Поделиться ссылкой: