Жылан жылы туғандар
Адамзат әр жылдан жақсылық күтеді. Астрологтар жылан жылғылар жүз рет өлшеп, бір рет кесетін, ойшыл адам екенін айтты. Мысалы, қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаев жылан жылы өмірге келген. Сондай-ақ, алаш арысы, лирик ақын Мағжан Жұмабаев та жылан жылы туған. «Қазақ халқының 100 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі» атты ұлтқа мұра етіп қалдырған музыка зерттеушісі Александр Затаевич 1869 жылы дүниеге келген. Бұл да шығыс күнтізбесі бойынша жылан жылы. Атақты швед ғалымы Алфред Нобель де 1833 жылы, яғни жылан жылында дүниеге келген. Оның атында қазір Нобель сыйлығы бар. Үндістанның премьер-министрі болған Индира Ганди де жылан жылы туған ойшыл реформаторлардың қатарында. АҚШ-тың бұрынғы президенті Авраам Линкольн, Джон Кеннеди, Қытай басшысы болған Мао Цзе Дун, Мұстафа Кемал Ататүрік, Николай Коперник, Пабло Пикассо, Франс Шуберт, Иоганн Гете, Мұхаммед Әли тағы басқа тұлғалар да жылан жылында өмірге келген.
Дереккөз республикалық «Ана тілі» газетінен алынды.
